Үкімет қаулысымен елімізде мамырдың екінші жексенбісі «Аналар күні» болып белгіленді. Бұл мереке отбасы құндылықтарын дәріптеп, бар әлемді құшағына сыйдырған анаға құрмет көрсетуге, алғыс айтуға, ыстық сезімін білдіруге бағытталған. Осыған орай Ж.Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханада «Адамзаттың асылы - ана деген құдірет» атты танымдық шара өтті. Оған бесік тербетіп қана қоймай, отбасының түтінін түтетіп, өз алдына кәсіп ашып отырған Сұлтанғалиевтар әулетінің абысынды-ажындары қатысты. Жарасымды жанұя құрудың қыр-сырын айтып, отбасылық ұстанымдары туралы әңгімеледі.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо