Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар материалдық көмекке ғана мұқтаж емес. Олар үшін рухани қолдаудың да орны бөлек. Осыған орай белгілі режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров бастаған астаналық театр «Орал, біз біргеміз!» ұранымен Ақ Жайық өңіріне өнер сапарымен келді. Құрылғанына көп бола қоймаса да көрермен көзайымына айналып үлгерген ұжым ел еңсесін тіктеп, жабырқаған көңілге медеу болуды мақсат тұтты. Төтенше жағдайға тап болған аудан-ауылдарда, облыс орталығында болып, жұртшылықтың жан сарайын жадыратты.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо