Су басқан саяжайлардың халқы дүние-мүлкіміз қолды бола ма деп алаңдаулы. Тәулік бойы кезекшілік атқарып жүрген тәртіп сақшылары бұған еш негіз жоқ екенін айтады. Бүгін бірінші саяжай тұрғындары құзырлы құрылым өкілдерімен кездесіп, талап-тілектерін жеткізді. Оқиға орнына әріптесім Динара Жұмабекқызы да барып қайтты.


Бұған дейін әлеуметтік желіде Бәйтерек ауданындағы саяжайдың бірінде суару моторының ұрланғаны жөніндегі ақпарат тараған еді. Бұл хабардың рас-өтірігін анықтау мақсатында аудандық полиция қызметкерлері оқиға орнына барып, іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде ұрланды деген мотор 7-8 шақырым жерден табылды. Оны ағыс алып кеткені анықталды. Осы ретте құқық қорғаушылар жалған ақпар таратқандар заң алдында жауапқа тартылатынын ескертеді.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #зко