Орал қаласында екі мыңнан астам адам уақытша орналастыру пункттерінде тұрып жатыр. Қауіпсіз аумаққа шұғыл көшірілген тұрғындар алғашында спорт орталықтарына жайғастырылған еді. Кейін қаламыздағы оқу орындарының жайлы жатақханаларына ауыстырылды. Біздің арнаның түсірілім тобы эвакуациялық пункттердің жұмысымен танысып, тұрғындармен жүздесіп қайтты.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #зко