Құрметті көрермендер, облыс өзендерінің су деңгейімен таныс болыңыздар. «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша 2-4 сәуір күндері өңірде ауа температурасы 15-20 градусқа дейін көтеріледі, соған байланысты өзендерде су деңгейі қауіпті шектен асып, жайылмаларға шығып, тасқын болуы ықтимал. Жайық өзені соңғы сағаттарда Бәйтерек ауданы Январцев ауылы тұсында 23 сантиметрге, сондай-ақ Орал қаласында 2 сантиметрге жоғарылап, сәйкесінше 597 және 591 сантиметрге жетті. Бұдан Ресей аумағынан Жайық өзеніне көп судың келіп жатқанын байқауға болады. Шыңғырлау ауданында Елек өзені Шілік тұсында 785, Шаған Бәйтерек ауданы Чувашинде 1259, Деркөл Белесте 707 сантиметрге көтерілді. Оған қоса Казталов пен Жаңақала аудандарына баратын Қараөзен мен Сарыөзенде де су деңгейі көтерілу үстінде. Қараөзен Казталов ауданы Қайыңды ауылы тұсында 936 сантиметрге жетті.Бәйтерек ауданында Быковка өзені Құрманғазы ауылы тұсында 819 сантиметрді көрсетіп, қауіпті шектен асып кетті.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв#бқо