Құрметті көрермендер, облыс өзендеріндегі су деңгейі туралы ақпарды назарларыңызға ұсынамыз. «Қазгидромет» РМК 2-4 сәуір аралығында күн райы 15-20 градусқа дейін жылынатынын хабарлады. Сондай-ақ, өзен арналарының қарғын суға толуына байланысты мұздық орнынан жылжи бастайды деп күтілуде. Өзендердегі су деңгейінің көтерілуінен су тасқыны болуы ықтимал. Бөрлі ауданы, Кеңтүбек ауылындағы Утва өзенінің көтерілуі салдарынан мұндағы гидробекетті су басты. Қазір бекетке жол жоқ. Ал, Январцево ауылы маңындағы Жайық өзені 23 см-ге көтерілген, деседе, алаңдауға еш негіз жоқ. Көшім ауылында да осы жағдай. Өлеңті өзені бойында жағдай тұрақты. Жалпақтал ауылындағы Қараөзенде су деңгейі 44 см-ге дейін төмендеп, мұздық орнынан жылжып шекті межеге таяған. Чеботарево ауылы Быковка өзенінің бойындағы Белес ауылы аумағында Деркөл 3 см-ге көтерілді. Бұл қалыпты су деңгейінен 20 см-ге көп. Тасқала ауданындағы Деркөл өзенінде су деңгейі 12 см-ге төмендеді. Ал, Чувашка ауылы маңындағы Шаған өзенінде мұз кептелісі пайда болды.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв#бқо