Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен аудандар тұрғындарына көмек беру жұмыстары қарқын алды. Табиғи апат болып саналған тілсіз жаудан тарыққан тұрғындарға гуманитарлық көмек жалпыхалықтық сипат алғаны қуантады. Осы орайда БҚО ҚХА мүшелері мен Республика партиясы облыстық филиалының белсенділері бірлесіп жылу жинау шараларын ұйымдастырды. Араларында қарапайым тұрғындар мен кәсіпкерлер және жастардан құралған еріктілер бар. Сонымен қатар Орал қаласында тұрып жатқан қаратөбелік ағайын туған ауылдарына көмек ретінде қор құрып, қолдау танытты.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо