Құрметті көрермендер, облыс өзендерінің су деңгейімен таныс болыңыздар. «Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша мұз қабатының тез еруі байқалады. Су деңгейінің көтерілуінен тасқын болуы ықтимал. Жайық өзенінде жағдай тұрақты. Жымпиты ауылының іргесіндегі Өлеңті өзенінде су деңгейі 10 сантиметрге төмендеген. Дәл осындай жағдай Тасқала маңындағы Шежін-2 және Деркөл өзендерінде де байқалады. Су деңгейі 19 сантиметрге төмендеді. Деркөл Белес ауылының маңында 27 см көтеріліп, қауіпті межеге таяды. Шағанда соңғы тәулікте су деңгейі 25 сантиметрге көтеріліп, 1009 сантиметрді құраса, қауіпті деңгейі 1200-1300 см құрайды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв#бқо