Математика – ғылымдардың патшасы. Бүгінде пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру, оқыту үдерісінде заманауи әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданудың маңызы жоғары. «ҚАЗИИТУ» ғылыми-білім кешені мен Ұлттық инженерлік академияның жергілікті филиалы ұйымдастырған «Математика. Білім. Ақпараттандыру» тақырыбында өткен облыстық форумда осы мәселе жан-жақты талқыланды. Жиынға танымал ғалымдар, аталған пән бойынша оқытушылар мен мұғалімдер қатысты. Ел аймақтары мен шет мемлекеттердің өкілдері онлайн режимде қосылды.  

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо