15 қыркүйектен бастап Орал қаласында су тарифі көтеріледі. Тіршілік нәрінің 1 текше метрі 68 теңге 70 тиын болып бекітілді. Бұл бұрынғы бағадан 23 теңгеге артық. Өзгеріс электр энергиясының қымбаттауына байлынысты. «Батыс су арнасы» коммуналдық кәсіпорны басшылығының айтуынша, тариф есебінен жұмысшылардың жалақысын арттыру да жоспарланып отыр.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо