Тасқала - аймақтың батыс қақпасы саналады. Тоғыз жолдың торабында орын тепкен аудан 1933 жылы құрылды. Ал, жалпы аудан аумағының тарихы көне заманнан басталады. Оны тас дәуірінен сақталып, бүгінге жеткен археологиялық зерттеулерден білеміз. Қазірде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан тасқалалық ағайынның еңбегі зор. Өнері өрге жүзген ауданның өрісі кең. Өнерпаздары түрлі байқаулардан жүлделі оралып жүргендігін құлағы түрік жұрт жақсы біледі. Ауданның құрылғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылған кешенді мәдени шара торқалы тойдың бастауы болды.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо