Ел мен жердің, халықтың байлығы да атақ даңқы да ел қадірлейтін парасатты азаматтарымен өлшенетіні ақиқат. Осы бағытта үлгі болып өзінен кейінгіге жөн сілтеп жүрген байсалды, ел арқа сүйер тұлғалардан кенде емес. Мәуелі бәйтеректей жапырағы кеңге жайылған Ақжайық өңірінің ақиық азаматтарының бірі, тарихтың көшін өрге сүйреген зерттеуші ғалым, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының құрметті академигі, профессор Тұяқбай Рысбековтың тағылымды өмір жолы көпке үлгі. «Атамекен» өнер ордасында белгілі тарихшы-ғалым Тұяқбай Рысбековтың бірнеше жинағы қалың оқырманға таныстырылды. Шараға облыс әкімі Н.Төреғалиев бастаған өңірдің зиялы қауым өкілдері қатысып, ой-пікірлерін ортаға салды. 

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо