Мүгедектігі бар жандарды оңалту мәселесі күн тәртібінен түспейді. Түйіткілді мәселені облыс орталығында қоғам белсенділері мен денсаулық сақтау басқармасының мамандары талқылады. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жандардың саулығын нығайту ісінде олқылықтар көп. Осының кесірінен еміне шипа іздеген жандар өзге өңірлерге барып, саулығын дұрыстауға мәжбүр. Оңалту мәселесінде арнайы барлық құрал-жабдықтармен қамтылған ғимараттың болмауының салдарынан мүгедек жандар квотамен Алматы мен Астана қаласына барып, оңалтудан өтуде. Аталмыш проблема келер жылы өз шешімін таппақ. Қазір Орал қаласында 150 орынға арналған оңалту орталығы салынып жатыр. Дәрігер мен қоғам белсенділері су жаңа нысанда қандай қызметтер көрсетілуін талқылады. 

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо