Өңірдің тележурналистика саласының дамуына сүбелі үлес қосқан әріптесіміз Юлия Юмашева 87 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. 1964 жылы облыста телехабар тарату басталғанда алғашқы топ құрамында болған талантты жан ұзақ жылдар бойы көрерменге мазмұнды хабарлар ұсынып, көптің ықыласына бөленді. Қазіргі таңда осы аға буын өкілдерінің сара жолын жас ұрпақ жалғастырып келеді. Бүгін белгілі журналист, сала ардагері Юлия Юмашеваны жақын-туыстары мен әріптестері қимастық сезіммен соңғы сапарға шығарып салды.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо