Кінәмә Ернұр Серікұлы 1999 жылы 16 маусымда Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылында дүниеге келген. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетін бітірген. Мамандығы - филолог. Еңбек жолын 2020 жылы республикалық "ТDK42" телеарнасында бастап, 2022 жылға дейін "Арайлы таң" бағдарламасының жүргізушісі, "Жаңа алаң" ток шоуының редакторы қызметтерін атқарды. 2022 жылдан күні бүгінге дейін Орал қаласы әкімдігінің "Ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы" КММ ақпарат бөлімінің маманы, "AQJAIYQ" телеарнасының дикторы және "Апта" ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі қызметтерін атқаруда.