Негізгі Басшылық Кумаров Жигер Ергалиевич
Кумаров Жигер Ергалиевич

Кумаров Жигер Ергалиевич

«Қазақстан» РТРК» АҚ БҚОФ аға режиссері

Құмаров Жігер Ерғалиұлы  1985 жылы 17 маусымда Ақжайық ауданы Тінәлі ауылында дүниеге келген. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін музыка пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген (2002-2006ж). 

2008 жылдың 19 ақпанынан бастап «Қазақстан-Орал» телеарнасында дыбыс режиссері, 2010 жылдан режиссер, қазіргі уақытта аға режиссер қызметін атқарады. Дәстүрлі ән бойынша Халықаралық, Республикалық (Қарағанды, Атырау, Алматы, Астана қалалары) конкурстардың лауреаты. 2013 жылы «Қуатты Қазақстан - 2050» телекөпіріндегі үздік режиссерлік жұмысы үшін бірінші дәрежелі дипломмен және қала әкімінің (2014), Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (2015) дипломдарымен марапатталды. 

Бөлісу