Мұнайдар Балмолда 1969 жылы Жанақала ауданы Көпжасар ауылында дуниеге келген.
Осы ауылдағы Дина Нурпейісова атындағы орта мектепті (1975-1985ж.) бітіргеннен кейін, бip жыл ауыл шаруашылығында, құрылыста еңбек еткен. 1986 жылы Махамбет атындагы БҚМУ-дын, көркем сурет және графика факультетіне оқуға туседі. 1987 жылы әскерге шақырылып, Ресейдің Воронеж облысында және Балтық жағалауындағы Калининград қаласында Отан алдындағы борышын өтейді.
Әскерден оралысымен оқуын жалғастырып, оны 1993 жылы сурет, сызу және еңбек пәндері бойынша маман атанып, тамамдап шығады. Бірақ бала жасынан поэзия мен прозаға құштар жас маманды облыстық телерадио ұжымы жұмысқа шақырып, 1993 жылдан тілші болып істей бастайды.
«Жеті өнер», «Алтын бесік» сияқты телебағдарламалар мен («Сырым батыр», «Махамбет», «Шығыс шолпаны», «Қос қыран») бірнеше деректі фильмдердің авторы М.Балмолданың 2006 жылы «Көкбөрі» атты өлеңдер мен әңгімелер жинағы жарық көрді.
Шығармалары облыстық, республикалық басылымдар мен радиода жарияланып келеді.
2010 жылы «Қағаз ұшақ» атты толық метражды көркем фильмі экранта шықты.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.