ШАРАЙНА

Жанры: ақпараттық-танымдық

Түпнұсқаның эфирге шығатын уақыты: сенбі-жексенбі, сағат 20:15

Ұзақтығы: 20 минут

Жиілігі: аптасына 2 рет

Бағдарламаның синопсисі: хабар арнайы студияда жазылады

Хабардың жүргізушісі: Шынар Әділбек

Режиссері: Ләйлім Утарова

Бейнемонтажері: Таншолпан Амирханова

Дизайнері: Самат Жулумов

Дыбыс режиссері: Мұрат Амангелді

Бағдарламаның тұжырымдамасы:

Бұл бағдарлама қалың көрерменге қызықты мәліметтер мен оқиғаларды бөліседі. Авторлық бейнероликтер мен әзірлеген жобалар ақпаратпен ұсынылады.

Бағдарлама бірнеше айдардан тұрады:

1. өңір қоғамдық жаңалықтары (тұрғындар арасында жүргізілген сауалнамалар, еріктілердің қызметтері, байқаулар, кастинг, мектеп оқушыларының өлең оқулары т.б.);

2. мәдени тақырып (өңірдегі мәдени жаңалықтармен қоса әлеуметтік желіде танылған өнерлі өрендердің бейнероликтері, көшедегі қызықты пранктер, жаңа бейнебаян-каверлер, суретшілердің ерекше туындылары, поэзия т.б.);

3. спорт жаңалықтары (спортшылардың жарыс жолындағы жеңістері, түрлі жарыстар туралы әлеуметтік бейнероликтер, жастарды спортпен айналысуға баулитын әлеуметтік роликтер т.б.);

4. әскери-патриоттық тақырып (азаматтардың бойында жоғары патриоттық сананы, өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыратын бейнероликтер, жастар арасында бүгінгі заман қаһарманының бейнесін танымал ету арқылы патриотизмді тәрбиелейтін әлеуметтік бейнежазбалар т.б.)

5. робототехника (адамның жұмысын жеңілдету мақсатында басқарылатын техникалар тізбегі туралы жаңаша ақпараттар мен роликтер, робототехника балалардың қатты қызығатын саласы болғандықтан, олардың дайындап жасаған роботтық құрылғыларын көрсету, өңірдегі робототехникалық мектептерінің балалармен жұмыстануы туралы бейнероликтер және т.б.); 

6. «Сіз білесіз бе?» айдары (жер бетінде біз білмейтін құбылыстар, заттар, нәрселер көп. Соларды білу жолында қызықты ақпарат бейнежазбалармен бөлісу).

7. саяхат (Қазақ туризмін дамыту мақсатында дайындалған бейнероликтер, саяхатшы блогерлердің видеолары, сіз бен біз білмеген қызықты-танымды ақпараттар, саяхатшыларға арналған лайфхактар т.б.);

Тағы да