Бәйтерек ауданында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында қос бірдей медициналық амбулаторлық пункт пайдалануға берілді. Енді Атамекен және Янайкин ауылдарының халқы бұрынғыдай аудан, облыс орталығына сабылмай, сапалы медициналық көмек алатын болды.