Мемлекеттік қызметте жастарға мүмкіндік мол. Жоғары оқу орнын үздік аяқтаған түлектер байқауға қатыспай-ақ, ауылдық жерлерге жұмысқа орналаса алады. Бұл туралы мектеп көшбасшыларымен өткен кездесуде айтылды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО бойынша департаментінің бастамасымен алғаш рет ұйымдастырылған шарада сөз алған мекеме-ұйым басшылары тәжірибесімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін айтты.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #зко