Бүгін ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев облыста ресми сапармен болды. Оның барысында мәслихат депутаттарымен, облыстық ҚХА мүшелерімен, жергілікті жұртшылықпен және белсенді жастармен кездесіп, ел мен өңірдің дамуына қатысты түрлі мәселені талқылады.