Биыл – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл. Батысқазақстандықтар боздақтардың рухына тағзым етіп, ардагерлерге құрмет көрсетті. Орал қаласындағы Жеңіс алаңында орналасқан монументке гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Оған ауған соғысы ардагерлері, түрлі бітімгерлік миссиялардың қатысушылары, қоғамдық ұйым өкілдері мен жастар жиналды. Еске алу жиындары өңір аудандарында да ұйымдастырылды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо