Оралда қазақ музыка өнерінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан әнші-композитор, ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ескендір Хасанғалиевті еске алуға арналған «Асыл арман» атты классикалық концерт өтті. Әйгілі сазгердің туғанына 85 жыл толуына орайластырылған шараға Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония ұжымы ұйытқы болды.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо