Дубайда өткен дүбірлі дода – SWAT Challenge сайысында ел намысын қорғаған облыстық полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы Құралай Қабырайқызы «Томирис» арнайы жасағының құрамында жүлделі екінші орынға ие болса, Италиядағы Дүниежүзілік қысқы Универсиадада оралдық Әлішер Абулқатимов шорт-тректен үшінші орынды қанжығалады. Батысқазақстандықтар қос жерлесімізді әуежайдан қарсылап, құрмет-қошемет көрсетті.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо