Орал қаласында жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпорындар жыл сайын техника паркін жаңартып келеді. Республика күні қарсаңында 7 жаңа автобус желіге қосылды. Қоғамдық көліктердің кілтін табыстау рәсіміне қатысқан шаһар басшысы Мұрат Байменов халыққа сапалы қызмет көрсету басты міндет болу керегін қаперге салды.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв