Енді кішігірім жол апаттарын полиция шақырмай-ақ онлайн рәсімдеуге болады. Биылдан бастап «Еурохаттама» жаңа сақтандыру қызметі іске қосылды. Бұл - ешкім зардап шекпеген жол апатын тіркеу тәсілі. Оқиға кезінде екі жүргізуші кінәліні өзара анықтап, мәселені шешеді. Ол үшін ұялы телефонда мобильді қосымша болса болғаны. Уәкілетті органдар жүйенің жартыжылдықтағы қызметін саралады.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв