Шежірелі Шыңғырлау – ішкі туризмді дамытуға тартымды аудан. Киелі қоныстағы Торыатбасы, Қыземшек, Сарқырама, Аққұм үстірттері, өзендер мен көлдер, жамырай аққан бұлақтар тамашалаған жанды таңғалдырмай, тамсандырмай қоймайды. Табиғаттың осынау тылсым кереметін көзбен көргісі келетіндер үшін ақжолтай жаңалық. Ауданда шипажай-демалыс кешенінің құрылысы басталды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо