Жағымды жаңалық. Алматы қаласында өткен Қазақстан Жазушылар одағының алқалы жиынында ақжайықтық қос қаламгер халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері атанды. Одақ тағайындайтын мәртебелі марапат жыл сайын үздік туындылар авторлары мен қазақ әдебиетін насихаттауға атсалысқан шетелдік жазушыларға беріледі. Бұл жолы ақын-жазушылар – Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты Ғайсағали Сейтақ пен «Парасат» орденінің иегері Дариға Мұштанова марапатталды. Сүйінші хабарды Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының директоры Бауыржан Ғұбайдуллин жеткізді.


#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо