Күншығыс елінен жағымды жаңалық жетті. Токиода өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында екілік каноэде жарты шақырым қашықтықты бірінші болып бағындырған қазақстандық қос бұрымды Олимпиада ойындарына жолдама алды. Оның бірі - дүбірлі додаларда мықтылығын мойындатып жүрген жерлесіміз Мария Бровкова. Біз жеңімпазбен аудиобайланыс арқылы тілдесіп, бәсі биік бәсекенің барысы туралы сұрап білдік.

Иә, ел намысын ту еткен спортшыларға әрқашан тілекшіміз. Айта кетейік, осыған дейін отандастарымыз Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров ескек есушілер үшін Олимпиаданың алғашқы жолдамасын қоржынға салды.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо