Жайық өзенінің суы Орал қаласы мен жайылмадағы елді мекендерге қауіп төндіріп тұр. Ет комбинаты ауданындағы "Речник", "Венера" бау-бақша серіктестіктерінде де тасқынға қарсы тосқауыл шаралары күшейтілді. Тұрғындар бөгет салу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қала әкімдігі тарапынан техника бөлініп, еңбекке еріктілер де жұмылған.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо