Облыста соңғы 5 жылда 116 бала зорланған. Тағы 35 жасөспірім өзіне қол салған. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс артып барады. Бір жыл ішінде 8-ден 32 пайызға өскен. Төбе шашыңды тік тұрғызатын бұл деректер облыс прокуроры Серік Шалабаевтың төрағалығымен өткен үйлестіру кеңесінің отырысында айтылды. Жиынға кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия өкілдері, құзырлы орган басшылары, аудан әкімдері және мектеп директорлары қатысты.



#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо