Биыл Ақсай көшелері жолдарын жөндеу жұмыстары қарқын алды. Жұмыстар уақытылы басталып, кестеге сай жүргізілуде. Әсіресе жеке сектордың көшелері басты назарға алынған. Шаһардағы Батыс, Степной тұйығы, Балдырған, Мостовая көшелерінде жұмыстар қызу жүріп жатыр. Жауаптылар, жолдарды қалыпқа келтіруге қарастырылған аудан қазынасының қаржысы мақсатты игеріліп жатқандығын айтады.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо