Мал шаруашылығы қарқынды дамыған Қаратөбе ауданында төрт түліктің саны мен өнім сапасы жыл санап артып отыр. Құрылыс саласында да оң серпін байқалады. Өткен жылы Қаратөбе ауылында жалпы ауданы 1242 шаршы метр болатын 14 үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жергілікті халық көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Таза су мәселесі де кезең-кезеңмен шешіліп келеді. Бұл бағытта Қаратөбе су қоры көзінен Үшана ауылына дейінгі бес елді мекенді ауыз сумен қамту жобасы жүзеге асырылды. Осы және өзге де игілікті істер туралы аудан әкімінің есептік кездесуінде айтылды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо # қаратөбеауданы #әкімесебі