«ҚАУІПСІЗ ҮЙ» ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАСЫ
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, маскүнемдік пен заңсыздық ошағына айналған орындарды анықтау. Полиция қызметкерлері бір ай бойы «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында профилактикалық есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайын тексеріп жатыр. Акцияның алғашқы күндерінде тәртіп сақшылары екі мыңға жуық пәтерді аралаған. Рейдтердің біріне біздің түсірілім тобы да қатысты.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо