Биыл – Халыққа қызмет көрсету орталықтарының құрылғанына 20 жыл. Атаулы датаға орай Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда салтанатты кеш өтті. Іс-шара барысында сала ардагерлері мен үздік қызметкерлер мерейтойлық медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.