Қазір күзгі жиын-терім аяқталып, қамба астыққа толған кезең. Биыл аймақтың ауыл шаруашылығы саласында ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер бар. Десек те «жаз шанаңды, қыс арбаңды сайла» демекші, шаруалар алдағы маусымға қазірден бастап қам жасауда. Осы тұрғыда агроқұрылымдарға мемлекеттің қолдауы артпаса, кеміп жатқан жоқ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кеңейтілген кеңесте айтылды. Оған жауапты сала мамандары, жергілікті тауар өндірушілер мен шаруа қожалықтарының жетекшілері қатысты.