1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесінде Оралдағы оңалту орталығының қызмет алушылары зор қуанышқа кенелді. Мүгедектердің күтіміне арналған мекемеге үш бірдей арнайы көлік берілді. Енді ем алушылар орталыққа инватаксимен қатынайды. Облыс әкімі Нариман Төрағалиев көлік кілттерін салтанатты жағдайда табыстап, мұндай қолдау шараларының алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо