Сырым мен Шыңғырлау аудандарында ветеринарлық пункттер ашылды. Төрт түліктің саулығын қамтудағы маңызды нысандар арнайы бағдарлама аясында бой көтерді. Сондай-ақ жақын күндері пункттерге қызметтік көліктер де беріледі. Бұл сала мамандарының кәсіби мерекесі қарсаңында іске асып отырған игі шаралар.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо