Қадырсарайдың «Елеулі есімдер» жобасы жұртшылықтың ықыласына бөленіп, тұрақты көрерменін жинап үлгерді. Дәстүрлі шараның бұл жолғы қонағы – көптеген халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, домбырашы Досым Мақсотов болды. «Байжұма» атты шығармашылық кеште қазақтың асыл қазынасы – күй өнері ұлықталды.