Оралда Бас прокуратураның ұйымдастыруымен семинар-тренинг өткізілді. Күн тәртібінде қылмыстық процестің үш буынды моделінің келесі кезеңіне көшу тақырыбы талданды. Соңғы үш жылда прокуратура тарапынан айыптау актілерін дайындау өз нәтижесін беріп отыр. Семинарға Маңғыстау, Атырау және Ақтөбе облыстарының жауапты сала өкілдері де қатысып, ұсыныс-пікірін ортаға салды.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо