Қазіргі таңда алаяқтық елімізде жиі кездесетін қылмыс түрінің бірі болып тұр.Оның түрлері мен нысандары да сан алуан. Ақпараттық технологиялардың дамуымен және оларды қолдану аясының кеңеюінен жаңа тәсілдер пайда болуда. Соның ішінде интернет-алаяқтық жыл санап артып барады. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңындағы кезекті брифинг осы тақырыпқа арналды.