Көрісу айт - қытымыр қысты өткерген ағайынның арқа-жарқа болып, төрт құбыласын түгендеп, бір-бірімен көрісетін күні. Өңір халқы жылдағы дәстүрден жаңылмай, қуана қауышып, құттықтасты. Жылдан жылға Көрісу айттың мәртебесі биіктеп, қоғамда кеңінен аталып өтілуде. Биыл да ауыл-аймақта түрлі тағылымды шаралар мерекенің маңызын айшықтай түсті.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо