Қазталов ауданындағы елді-мекендер 100 пайыз көгілдір отын желісіне қосылды. Бұл бағыттағы жұмыстарға 2021-2022 жылдары республикалық, облыстық қазынадан 1 млрд 46 млн 833 мың 592 теңге бөлінді. Бұл, қаражат аймақтағы соңғы 16 елді-мекенге газ жеткізуге жұмсалды. Нәтижесінде тұрмыстық жағдайы жақсарған ауылдықтар тезек жағып, күл шығару тауқыметінен толық құтылды.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо