Мемлекет басшысы 19 қаңтарда Конституцияға сәйкес, Парламент палаталарының төрағаларымен, Премьер-Министрмен кеңесіп, Мәжілісті тарату және мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлықтарға қол қойды. Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызға бекітілді. Мәслихаттар сайлауын Орталық сайлау комиссиясы белгілейді. Саяси партиялар мен өзін-өзі ұсынған кандидаттар депуттат мандатына таласады.Сайлау жайлы толығырақ келесі сюжетте.