Облыс кәсіпкерлері өздерін мазалаған мәселелерді ашық айтуға мүмкіндік алды. Құзырлы орган өкілдерімен кездесуде әкімшілік кедергілерге тосқауыл қою, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жайында айтылды. Сондай-ақ тексеруші және басқа мемлекеттік органдар тарапынан заң бұзушылыққа жол бермеу турасында да сөз қозғалды.