Орал қаласында «Қыс-2022» республикалық командалық штабтық оқу–жаттығу өткізілді. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін қысқы маусымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға дайындығын пысықтауға арналған шараға осы саланың барлық құрылымдары тартылды. Жаттығу барысында стратегиялық маңызға ие кәсіпорындардағы орын алған төтенше жағдайларды жою жұмыстары атқарылды.

#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо