Қазан айының алғашқы жексенбісі білім саласы қызметкерлерінің төл мерекесі. Дәстүрлі мерекелік салтанатты шара «Атамекен» өнер орталығында өткізілді. Ұстаздық - ұлы қызмет. Себебі ұрпақты ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да еңбекқор егіншісін де ұстаз өсіреді.Сондықтан білім беру саласының қызметкерлеріне деген құрмет те ерекше. Өнер ордасында өткізілген салтанатты шараға облыс әкімі Ғали Есқалиев арнайы қатысып, үздік ұстаздарды марапаттады.