Қазақтың азаттығы үшін күрескен батыр, шешен, тарихта өзінің қолтаңбасын қалдырған Сырым Датұлының 280 жылдық мерейтойына орай Орал қаласында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Тарихшылар, өлкетанушылар мен жастар 90 жылдық тарихы бар Махамбет Өтемісов атындағы БҚУ-де  бас қосты. Сырым батырға арналған шарада сөз алған жандар баһадүрдің ерлігі мен сол кездің тарихи оқиғаларын баяндап берді.