Мешіт - сүйіспеншілік пен бауырмалдықтың, ізгіліктің, бірлік пен мейірімділіктің тоғысқан мекені. Ал, ислам діні тіршілік пен құлшылықты қатар үйлестіріп, өнегелі өмір салтын сабақтастыруға үндейді. Соңғы жылдары  ауылдық елді мекендерде халықтың қаржысына салынған мешіттердің көбеюі көңіл қуантады. Қазіргі таңда облысымыз бойынша 10-нан астам мешіттің құрылысы жүргізілуде. Осындай діни және рухани орын Теректі ауданы Ақсуат ауылында да бой көтеріп, пайдалануға берілді.