Жаңақала ауданында мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ АҚСР Орталық атқару комитетінің тұңғыш төрағасы болған Сейітқали Меңдешевтің 140 жылдық мерейтойына орай республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Алып тұлға ел аумағында ағартушылық қызмет атқарып, қазақ халқының тарихи  атауын қалпына келтіруге үшін табанды қызмет атқарды. Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтың туған топырағында «Сейітқали Меңдешев -мемлекет және қоғам қайраткері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Мерекелік іс-шаралар аясында Сейітқали Меңдешев туралы кітаптың таныстырылымы өтті.
#qaztrk #qaztrkaimaq #qazaqstan #aqjaiyq #aqjaiyqtv #ақжайық #ақжайықтв #бқо